Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шаралар

Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шаралар

Наурыыз мейрамын тойлаудыың жаңа тұжырымдамасына сәйкес тағылымы мол Наурыз мейрамын тойлауға қатысты шаралар елімізде 14-23 наурыз күндері аралығында өткізілетін болды. Құжатқа сәйкес Наурызды 14-23 наурыз аралығында атап өту ұсынылды, оның ішінде: 14 наурыз - «Көрісу күні»; 15 наурыз - «Жайлау күні»; 16 наурыз - «Шежіре күні»; 17 наурыз - «Тарихқа тағзым күні»; 18 наурыз - «Игі істер күні»; 19 наурыз - «Шымырлық пен шеберліккүні»; 20 наурыз - «Зияткерліккүні»; 21 наурыз –«Ұлттық тағамдар күні»; 22 наурыз - «Ұлыстың ұлы күні»; 23 наурыз - «Жоралғы күні».

Кітапханалар он күннің әр күнінің маңызын ашатын көптеген шаралар ұйымдастырды. Шаралардың мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту, ұлттық бірлік пен патриотизмді нығайту, халықтың сал-дәстүрлері туралы білімді қалыптастыру.

Наурыз мерекесіне арналған шаралар қалалық кітапхана мен Шеңгелді, Заречное ауылдық кітапхана-филиалдарында онлайн және оффлайн форматында өтті. Іс-шаралардың көптеген түрлері қолданылды: эко акция, кітап инсталляциялық көрме, тарихи сағат, бейне ақпарат, мейірімділік марафоны, этно ойындар, брейн-ринг және т.б.

 «Көрісу күні» күніне «Бүгін - көрісу күні» атты шарада кітапхана қызметкерлері мен қалалық Мәдениет үйі қызметкерлерімен көрісті. Қызметкерлер ұлттық киім үлгісінде киініп, Наурыз тілектерін білдірді.

«Жайлау күніне» орай Қапшағай қалалық кітапханасының ұжымы «Наурыз – жаңару, тазару» атты эко акция ұйымдастырды. Қызметкерлер кітапхана алаңын сыпырып, ғимараттың айналасын қоқыстан тазартты.

22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні» ерекше аталып өтті.  Шеңгелді ауылдық кітапханасы мен Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Наурыз – мәңгілік ел  салтанаты»  атты  мерекелік кеш болып өтті.  Этнографиялық, қолөнер бұйымдарының үлгілері қойылған «Наурыз - құт береке бастауы» атты инсталяциялық кітап көрмесімен ашылған шара ауылдың қадірменді қариясы Б.Атагелдиевтің Наурыз батасымен жалғасты. Наурызды тойлауды айшықтаған мерекелік бағдарламада ән-бимен қатар «Шашу»,  «Тұсау кесер» дәстүрлері көрсетіліп, Наурыз көже таратылды.

Он күн бойғы шаралардың бәрі танымдық мән зор, қызықты болып өтті.

Даража Жолымбетова,

Қапшағай қалалық кітапханасының бөлім меңгерушісі