Назар аударыңыз, Пробация атты ЖПІШ!

Назар аударыңыз, Пробация атты ЖПІШ!

ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №243 бұйрығы (ІІМ операциялық жоспарының 99 тармағы бойынша), сондай-ақ, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша 2021 жылдың 15 – 24 наурыз аралығында республика аумағында «Пробация» жедел профилактикалық іс- шарасы өткізілуде.

ЖПІШ тексеру жұмыстарын жүргізу барысында, бас бостандығынан айырусыз жазаларға сотталған адамдар тексеріледі, туысқандары, сондай – ақ оң әсер ететің тұлғалармен жұмыс жүргізіледі. Осы тексеру жұмыстардың нәтижесінде қайта қылмыс жасағанға бейімді адамдар, тәуекел тобына жататын сотталғандар, қаскүнем тұлғалар анықталады.

Сонымен қатар, жақсы сәттер де бар: пробация қызметінің ұсынысы бойынша Қапшағай қалалық сотымен 2021 жылдың 16 ақпанында, бас бостандығын шектеу жазасына сотталған «Ц» есімді тұлға «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын қолданып, іздестіру жарияланған болатын. Бірлескен іздестіру шаралардың нәтижесінде, «Ц» есімді тұлға ұсталып, полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына орнатылған, ары қарай Талдықорған қаласындағы тергеу изоляторына жіберіледі.

Бөлім бастығы әділет майоры Б.Жетмекова