Құрметті Қапшағай қаласының тұрғындары!

Құрметті Қапшағай қаласының тұрғындары!

    2021 жылдың 02 ақпан мен 05 ақпан аралығында Қапшағай қаласының әкімі Нұрлан Орынбасарұлы Құматаев тұрғындар алдында есеп беру кездесулерін онлайн түрде өткізеді. Осыған орай, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын жүзеге асыру мақсатында, тұрғындардың жиі көтеріп жүрген мәселелері  бойынша кері байланыс орнату үшін, Сіздердің назарларыңызға әкімдіктің әлеуметтік желідегі жеке телеграмм бот платформасын ұсынамыз.

Әкімнің алдағы уақытта өтетін есебіне қойылатын сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды TELEGRAM BOT арқылы жолдауларыңызға болады. Сілтеме: akimat_kapshagay_bot

   Қапшағай қаласы әкімінің аппараты