
Санаулы сағаттардан кейін есік ашатын Жаңа 2021 жылмен баршаңызды құттықтаймын!
Жаңа жыл – үлкен қуанышпен асыға күтетін, жаңа мақсат-міндеттерді белгілейтін және болашақтан жақсы үміт күтетін сәттердің бірі.
Бүкіл әлемде биылғы жылы індеттің таралуына байланысты бірқатар қиыншылықтар кештік. Алайда, оған қарамастан, жыл қорытындысы бойынша Қапшағай аймағының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жалпы оң өсіммен қорытындылады. Жаңадан 3415 жаңа жұмыс орындары ашылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жалпы 23 жоба іске асырылды. Жаңадан 3 несиелік және 2 жалдамалы тұрғын үйлер бой көтеріп, 130 отбасы баспаналы болды.
Осындай берекелі ырыс – қыдыр қонып, құт қонған мекенге дариды. Ал, біздің ортақ мекеніміз шуақты қаламыз Қапшағайды көркем жұмақ мекенге айналдыруға баршамыз жұмыла ат салысуға шақырғым келеді.
Жаңа жылдан халқымыз – ынтымақ пен ырыс, береке мен бірлік күтеді. Олай болса, 2021 жыл еліміз бен қаламыз үшін толайым табысты болсын!
Құрметті жерлестер!
Жаңа жылда Сіздерге игілік пен ізгілік, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға береке тілеймін! Қаламыздың әрбір отбасы береке-бірлікке, қуаныш пен бақытқа толы болсын!
Жаңа жыл құтты болсын, ағайын!