«Қапшағай қаласы әкімінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 12-15 «Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қапшағай қаласы әкімінің 24 желтоқсан 2020 жылғы № 12-20 шешіміне сәйкес, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5837 тіркелді) келесі сайлау учаскелерінің орталықтарыауыстырылды:1. № 938 сайлау учаскесі «Бәйтерек» Қапшағай колледжі ғимаратынан «Нұр-бөбек балабақшасы» МКҚК ғимаратына ауыстырылды. Орналасқан мекен-жайы Қойшыманов көшесі № 10 «А».2. № 943 сайлау учаскесі «Қазақ автодор» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы облыстық филиалының № 15 жол пайдалану учаскесінің әкімшілік ғимаратынан «Қапшағай аймағының газ жүйелері» ЖШС ғимаратына ауыстырылды. Орналасқан мекен-жайы Сейфуллин көшесі № 28/1.3. № 947 сайлау учаскесіқалалық балалар емханасығимаратынан «Кешкі (ауысымдық) мектеп» ғимаратына ауыстырылды. Орналасқан мекен-жайы 5-шағын аудан, 1 ғимарат.
Қапшағай қаласы әкімінің аппараты