

Михаил Сергеевич Сидоров, 17.11.1974 жылы туылған, Алматы облысының тумасы, бұрын бірнеше рет сотталған.
13 тамызы 2020 жылы Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабы 2 бөлігі 1 тармағы бойынша нақты жаза өтеуге 4 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы, яғни қоғамнау оқшаулаусыз тағайындалған, тағайындалған жазаны сотталғанның өтеуін бақылауды оның тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған органға – пробациялық бақылау органына жүктелген, сот М.С. Сидоровтың іс-әрекеттерінде қылмыстық қайталануын тапты.
Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі бойынша Департаментінің Қапшағай қалалық пробация қызметінің бақылау есебінде 03.09.2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін тұр.
Бас бостандығын шектеу жазасының өтеу тәртібі мен шарттарын өрескел бұзып, пробациялық бақылаудан жасырынуына байланысты, Қашағай қалалық сотының қаулысымен 10.11.2020 жылдан бастап сотталған М.С. Сидоровқа іздестіру жарияланып және ол ұсталған уақыттан бастап «күзетпен ұстау» бұлтарпау шарасы қолданылған.
Чупин Сергей Владимирович

Сергей Владимирович Чупин, 06.03.1973 жылы Актау қаласында туылған, бұрын бірнеше рет сотталған.
2020 жылдың 4 тамызындағы Алматы облысы Талғар аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106 бабы 1 бөлігі бойынша 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы, яғни қоғамнау оқшаулаусыз тағайындалған, тағайындалған жазаны сотталғанның өтеуін бақылауды оның тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған органға – пробациялық бақылау органына жүктелген.
Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі бойынша Департаментінің Қапшағай қалалық пробация қызметінің бақылау есебінде 12.10.2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін тұр.
Бас бостандығын шектеу жазасының өтеу тәртібі мен шарттарын өрескел бұзып, пробациялық бақылаудан жасырынуына байланысты, Қашағай қалалық пробация қызметі С.В. Чупинге қатысты іздестіру жариялап және ол ұсталған уақыттан бастап «күзетпен ұстау» бұлтарпау шарасы қолдану туралы жадығат жолданды.
Қапшағай қалалық пробация қызметі, барлық азаматтардан жоғарыда аталған сотталғандарға қатысты мәліметтер мен мекен-жайлары туралы ақпараттар болса дереу мына байланыс телефон нөмерлерге хабарласуларыңызды сұрайды: 4-26-39, 87770550020, 87079385952;
Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің
Қапшағай қалалық
пробация қызметі бөлімінің бастығы
әділет майоры Б. Жетмекова