Мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші

Мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші

Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында  Қапшағай қаласы әкімінің қаулысымен  Ләззат  Иманғалиқызы  Салықова мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші болып тағайындалды.

     "Қамқор Жүрек" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы  және  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры   Салықова Лязат 2016 жылдан бастап барлық санаттағы мүгедектерге көмек көрсету және қолдау көрсету қызметін атқаруда.

       Мүмкіндігі шектеулі жандарға тең жағдай жасауға бағытталған "қолжетімді Қазақстан" жобасына,  "Даму" Қорының "Бизнестің жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасына,  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен тендерлерге қатысқан.

        Бүгінгі күні 1 топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметін ұсынады.

       "Ұлы дала ханшайымы" бірінші ұлттық сұлулық және таланттар байқауының жеңімпазы.

       Ерекше қажеттіліктері бар адамдар арасында қайырымдылық концерттер, шығармашылық конкурстар ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын  тұрақты  жүргізеді. Мүгедектігі бар азаматтарды  жұмысқа

Начало формы

орналастырумен байланысты мәселелерді шешеді, компьютерлік сауаттылыққа және қолданбалы өнерге оқыту курстарын өткізеді, конкурстар мен жобаларға белсенді қатысады,мүмкіндігі шектеулі адамдарға психологиялық  және  материалдық  көмек  көрсетіп  отырады.

      Ләзатқа тілейтініміз  ең бастысы, денсаулық пен әйел бақыты,  сәттілік  пен шыдамдылық және батыл қадамдарға сенімділік. Өз қызметіне  деген шексіз қызығушылығы  таусылмасын.

        Ешқашан арманынан  бас тартпасын !