Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті қала тұрғындары!

Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мәселесі бойынша 2020 жылғы 20 қазандағы хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында қала әкімдігіне қарасты Жалпы бөлімнің ұйымдастыруымен 2020 жылы 22 қазанында «домалақ үстел» ретінде мәжіліс өткізілді. Мәжіліске Қапшағай қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы мен қала аппаратының заң-құқықтық бөлімдерінің басшылары, мамандары мен қызметкерлері қатысып, әр-бір салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мәселелер қарастырылып, оның ішінде қызметтердің сапасын жақсарту, жұмыс барысында  қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуына бақылауды күшейту жөнінде айтылып, сұрақтар қызу талқыланды.

           Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларына өзгерістер енгізілгені туралы ескертіп, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі  мен мерзімдері, және жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары өзгертілгені, жаңадан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің Ережелері қабылданғаны жөнінде хабарлаймыз.

           Жер қатынастары Бөлімімен 3 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту үшім шешім беру
  2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізілуін талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқығын беру
  3. Жер учаскесін жеке меншікке бірден немесе бөліп төлеу мерзімге сату.

            Қызметтерді көрсету барысында Қала әкімдігі «жауапты орындаушысы» болып,  жер қатынастары Бөлімі «қосалқы орындаушысы» болып табылады.

            Сонымен қатар, Жер қатынастары бөлімімен ХҚКО арқылы                                 2 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі -

  1. Жер учаскесінің бөлінуін /немесе бөлінбейтінін анықтау
  2. Жер учаскелеріне жерге орналастыру жобаларын бекіту.

           

 

         Бөлім басшысы                                                                Б. Молдахметов