Қазақстанның мемлекеттік статистикасына - 100 жыл

Қазақстанның мемлекеттік статистикасына - 100 жыл

           Біздің еліміздің, Қазақстан Республикасының барлық даму кезеңдерінде , мемлекеттік статистика органдарының қызметкерлері біздің мемлекетіміздің көптеген маңызды міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруға үлкен үлес қосты және қосуда. 2020 жылдың  08 қарашасында  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік статистикасына  100 жыл  толады. Қазақстан статистикасының  тамыры өткен ұзақ уақыттарға кетеді. Алғашқы Қазақ мемлекеті – Қазақ хандығы туралы оны растайтын  статистикалық тарихи мәліметтер  бар. Қазақстан аумағында  құрылған бірінші  мемлекеттік ресми  статистикалық орган Түркістан губерналық статистикалық  комитет және оған бағынатын статистикалық бюролар болды  .   

            1920 жылы РСФСР құрамындағы Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасының құрылуымен Қазақ АССР Үкіметі 1920 жылғы 8 қаршадағы қаулысымен  «Қазақ АССР –індегі мемлекеттік статистика туралы ережені » бекітті және Қазақ АССР –нің статистикалық басқармасы құрылды. Қазақстанның статистикасы біздің мемлекетіміздің дамуының көптеген маңызды міндеттерін табысты шешуге үлкен үлес қосады.  Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік статистиканы түбегейлі реформалау жүзеге асырылды, негізгі халықаралық стандарттар мен жіктелімдер, көрсеткіштердің жаңа жүйелері мен статистикалық байқау әдістері енгізілді. Қазіргі уақытта мемлекеттік статистика заманауи статистикалық жүйелердің барлық міндетті атрибуттарына ие: заңнама, нарықтық экономикасы бар елдерге тән статистика салалары, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін статистикалық әдістеме. Статистиканың рөлі барлық пайдаланушылар үшін барлық рұқсат етілген ақпараратқа тең, бір реттік қол жетімділікті жүзеге асыратын және қамтамасыз ететін, демократиялық қоғамның дамуына ықпал ететін, сол арқылы шешеім қабылдау кезінде объектитілік пен бейтараптылыққа кепілідік беретін баға жетпес орган. Мемлекеттік деңгейде шешім қабылдау үшін елде болып жатқан оқиғалардың толық көрінісі болуы қажет. Осы мақсатта қоғамдық өмірде болып жатқан процестердің көрсеткіштерін жинайтын , өңдейтін , талдайтын  және ай сайын сайтқа ақпарат орналастыратын статистика қызмет етеді.   

             2014 жылдың маусым айынан бастап мен, Самат Дулатұлы Тоқсейітов Қапшағай қаласының Статистика Басқармасын басқарамын. Статистика Басқармасында менің қадағалауымда бес маман жұмыс істейді: Попова Татьяна Владимировна, Гуськова Галина Юрьевна, Буханов Ильяс Ержанович,  Ниязбекова Гульнур Нурдаулетовна және  Файзуллина Ольга Павловна. Бекітілген регламентке сәйкес  әрбір маман статистикалық есептерді жинайды, оларды салалар бойынша талдайды және қаланың дамуын қадағалайды. Ұжым өте тату және үйлесімді , барлық мамандар жұмысқа жауапкершілікпен қарайды. Бізге дейін біздің басқарманың жұмысына үлес қосқандарды ұмытпаймыз. Өткенсіз болашақ жоқ сияқты, басқарма қызметкерлері өз ардагерлеріне көңіл бөліп, құрмет көрсетеді. Жақсы із қалдырды: Павлюченко Лариса Алексеевна, Стренева Галина Александровна, Родионова Алевтина Яковлевна, Лаврик Мария Федоровна, Сачкова Надежда Петровна және   Лошкина Людмила Николаевна , ол соңғы жиырма жыл бойы статистика басқармасын басқарды. 2014 жылы ол зейнетке шығып, бізге өзінің іске деген адал көзқарасын мұра етіп қалдырды, оның мәнін асыра бағалау мүмкін емес.  Қазіргі уақытта электронды форматқа көшуге байланысты статистика қағаз жүзіндегі есептіліктен толықтай бас тартты. Біз ұлттық шоттар жүйесін қадағалаймыз, құрылымдық бизнес - статистиканы, баға статистикасын, өндірісті, қызмет көрсету саласын, еңбек статистикасын  және үй шаруашылықтарына қызмет көрсетуді жүргіземіз. Мемлекеттің дамуы мен халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс өте ауқымды және қажетті.

Әріптестерімді кәсіби мерекелері – Мемлекеттік Статистика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің бірлескен жұмысымыз маңызды саяси шешімдер қабылдауда үлкен рөл атқарады.  Осы айтулы  күні кәсіпқойлыққа, жоғары біліктілікке және үлкен еңбексүйгіштікке құрмет көрсету қажет. Сіздерге жаңа кәсіби табыстар, мықты денсаулық, бейбітшілік пен өркендеу тілеймін!

 

Қапшағай қаласының статистика басқармасының басшысы С.Д.Тоқсейітов.