Пробация – уақыт талабы.

Пробация – уақыт талабы.

Латын тілінен аударғанда «сынау» деген мағынаны білдіретін пробация қызметінің негізінен әлеуметтік көмек көрсету сипаты басым екені белгілі. Бас бостандығынан айырмайтын жазаға тартылған немесе мерзімінен бұрын шартты түрде босаған сотталғандарды қадағалап және тексеріп қана қоймай оған қоғамға бейімделуге, жұмысқа орналасуына, қажет болған жағдайда білім алуына көмектесу - пробация қызметкерлерінің міндеті.

         Қапшағай қалалық пробация қызметі бөлімінің бақылауында – 128 сотталған есепте тұр. Сотталғандардың барлығымен жоғарыда аталған міндеттер бойынша жұмыстар атқарылуда.

         Айта кететін жайт ағымдағы жылда 8 сотталған мерзімінен бұрын Қапшағай қалалық пробация қызметінің есебінен босатылды. Аталған сотталғандар сот жүктеген міндеттерді, пробация қызметінің талаптарын орындап, түзелу жолына нық тұрғандарын дәлелдеп шықты. Әрине, жұмысымыздың жағымды жаңалықтарын көргіміз келеді, бірақ біздің сотталғандардың арасында барлығы дерлік түзелу жолына түсе бермейді, арасында сот жүктеген міндеттерді орындамай, қайталап қылмыс жасап, бұрынғы өмір сүру салттарын жалғастырып жүргендері де бар. Бұндай тұлғаларға қатысты пробация қызметі заңға сай қажетті іс-шаралар қолдануға мәжбүр болады. Қазіргі таңда 13 сотталғанның жазасы ауыстырылып, бас бостандығын айыру орындарында жазаларын өтеуде.

         Қорыта келе, алдағы уақытта еліміздегі басты мақсат, пробация қызметі жүйесін жетілдіре отырып, қоғамнан оқшаулаусыз жазаланған тұлғалардың өздеріне берілген барлық мүмкіндіктеріне, еліміздегі қылмыстың азаюына жағдай жасау.

  Қапшағай қалалық

 пробация қызметі

бөлімінің инспекторы

әділет аға лейтенанты

Мухаметханов Б.Б.