Қапшағай өңірінің ауыл шаруашылық құрылымдарының 2020 жылғы егін жинау науқанын өткізудің және күзгі далалық жұмыстар жүргізу туралы АНЫҚТАМА

Қапшағай өңірінің ауыл шаруашылық құрылымдарының 2020  жылғы егін жинау науқанын өткізудің  және күзгі далалық жұмыстар жүргізу туралы АНЫҚТАМА

2020 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында  6755,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты индекс  көлем – 101,8 % құрады. Немесе  2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 750 млн. теңгеге өсу байқалған. 2020 жылға жоспар – 21059,8 млн. теңге.

2020 жылы 13666,43 гектар ауылшаруашылығы жерлері соның ішінде 8448 гектар суармалы жерлер игерілді.

           Егіс алқаптарының құрылымында:

           Дәнді дақылдар 4297 гектарды құрады, оның ішінде арпа – 3941 гектар, дәндік жүгері – 356,0 гектар, майлы дақылдар – 4062 гектар соның ішінде  майбұршақ -  2620 гектар, мақсары – 1442 гектар, картоп – 350 гектар, қант қызылшасы – 867,0 гектар, көкөністер – 1745,43 гектар, бақша дақылдары – 190 гектар, мал азықтық дақылдар – 2155 гектар.

Дәнді дақылдардың, соның ішінде арпаның 3941 гектары шабылып қоймаларға 7764  тонна астық құйылды. Арпаның орташа өнімділігі гектарына 19,7  центнерден құрады.

Егістік аумағы 1442 гектар егілген мақсарыдан өнімділігі 13,1 центнерден  1890  тонна дән алынды.

Картоп жинау алаңы 350 гектарды құрады, орташа өнімділік  215,5 центнерден, 7542 тонна картоп түйнектері жиналды. 190 га бақша дақылдарынан  4815 тонна өнім жиналды өнімділігі 253,4 центнерден.

Бүгінгі күнге, көкөніс өндіретін шаруашылықтар жаңа прогрессивтік техникамен технологияларды қолдана отырып, жалпы егістігі 1745 гектардың  1179 гектарын жинады (немесе 67 %). Өнім көлемі 57 122 тоннаны құрады. Орташа өнімділік  гектарына 484,5 центнер.

Жыл басынан бері «Green Land Alatau», «LST market» ЖШС  жылыжай кешендері тұрақты жұмыс істеуде,  ағымдағы жылдың 8 айында 6913 тонна көкөніс өндірілді соның ішінде 4549 тонна қызанақ, 2364 тонна кияр өндірілді.

Мал азықтық дақылдар бойынша: 33 мың тонна шөп, 31,4 мың тонна сүрлем, 16,8 мың тонна сабан дайындалды. Өңірдің мал бастарының басқа азықтарға қажеттілігі жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етіледі, бұл келесі жылы мал мен құс басын сақтап, ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қазан айына егін жинау жоспары бойынша 356,0 гектар – дәндік жүгері егістігінен, өнімділігі 69,3 цн-ден 2468 тонна дән; 2620 гектар майбұршақ дақылынан, өнімділігі 20,8 цн-ден 5450 тонна дән алу жоспарланып отыр.

2020 жылғы егістікке суармалы судың жетіспеуі және ауа райының қолайсыз болуы салдарынан өскіндерінің  болмауы, егістіктің жоғалуы мәселелері бойынша ұжымдық өтініші негізінде 3 шілде 2020 жылы «Қапшағай қаласының Шенгелді суармалы аумағындағы егіс алқабтарының өсу және даму жағдайын визуалды тексеру үшін комиссия құру туралы» Қапшағай қаласы әкімінің №71-Ө қаулысы бекітілді. Аталған қаулы негізінде, комиссия мүшелері егістік алқабтарына визуалды тексеру жүргізді. Аралау қортындысы бойынша 6 шаруашылықтың  367 гектар қант қызылшасы жинауға жарамсыз болып табылды.

Соның салдарына жинауға жататын егістік көлемі 500,0 гектарды құрап, өнімділігі 350 цн-ден  17500 тонна тәтті түбір алу көзделіп отыр.

Бүгінгі күнге, қант қызылшасын жинау жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы техникалар толықтай дайындалып, жинау жұмыстары 25 қыркүйекке белгіленген.

Қант қызылшасын тасымалдауға қажет жүк көліктерімен келісімшарттар жасалған, 2019 жылы қант зауытына өнім тасымалдаған жүк көліктерінің рейс саны 408 құраған.

2020 жылдың 8 айында  мал саны (басы): ІҚМ – 10519, сиыр – 4621, қой мен ешкі – 77292, жылқы – 3560, шошқа – 332, құс – 30500 құрады. Тірі салмақта 2108 тонна ет, 3662 тонна сүт, 2275 мың дана жұмыртқа, 137,9 тонна жүн өндірілді.

 

 

«Қапшағай қаласының ауыл

шаруашылығы бөлімі» ММ