Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 06 қаңтардағы № 1 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы өткізген кезде оның құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі, ол халықтың жекелеген санаттарына осы Заңға және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуі шарттарымен оларды сатып алу мүмкіндігін беретін ақпарттандыру объектісін білдіреді;
2) кепілдік берілген әлеуметтік топтама (бұдан әрі – КӘТ) – бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар табысы аз отбасыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын түрлерде және көлемдерде көрсетілетін көмек;
3) табысы аз адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);
4) уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – уәкілетті орган);
2-тарау. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы өткізген кезде оның құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу тәртібі
1) «Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 562 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) 50-қосымшаға сәйкес Р-1 нысанына сай орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына 50-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КӘТ алушылардың ведомосын;
3) «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы
22 сәуірдегі № 370 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) сәйкес электрондық шот-фактураны ұсынады.
Порталдағы «Өнім берушінің жеке кабинеті» модуліне және өнім берушінің ұялы байланысының абоненттік нөміріне қайтару себебін көрсете отырып, құжаттарды қабылдау туралы немесе пысықтауға қайтару туралы хабарлама жіберіледі.
осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбау;
орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің және (немесе) КӘТ алушылар ведомосінің сканерленген көшірмелерін ұсынған кезде оларда қойылған қолдың болмауы;
ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дәйексіздігі.