Меню

Страницы

Статья

Алматы облысы бойынша экология Департаменті

  Алматы облысы бойынша экология Департаменті (әрі қарай – Департамент) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 384-бабына сәйкес, объект операторлары (меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында қоршаған ортаға теріс әсер ететін объект бар жеке немесе заңды тұлға) қалдықтарды түгендеу жөнінде есеп беруге міндетті екенін еске салады. Есеп есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін қағаз жеткізгіште және (немесе) оны қалдықтардың мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде толтыру және объект операторының ақпаратты беруге жауапты лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы электрондық нысанда жыл сайын ұсынылады. ҚОҚ БАЖ жүйесіне кіру сілтемесі: : (http://oos.ecogeo.gov.kz/).

Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 344-бабының 3-тармағына және 327-1-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделеді.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің енгізілуіне байланысты Департамент келесіні хабарлайды.

2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 343-бабына және Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 6 тамыздағы № 314 бұйрығымен бекітілген қалдықтар сыныптауышына сәйкес, қызмет процесінде қауіпті қалдықтар түзілетін жеке және заңды тұлғаларға,  Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 335 бұйрығымен бекітілген Қауіпті қалдықтар паспортының жаңа нысанына сәйкестендіріп, түзету жүргізу және/немесе қауіпті қалдықтардың жаңа паспорттарын әзірлеу қажет.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8/7282/24-57-22 және 8 747 611 70 13 телефондарына немесе Талдықорған қаласы, Абай көшесі 297 мекен-жайы бойынша хабарласуларыңызға болады.

Дата публикации
18 января 2022
Дата обновления
18 января 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
17 октября 2026
Ақпараттық материалдар
Ақпарат
13 октября 2026
Мәслихат-2026
Ақпарат
14 июля 2026
Саяси партиялардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындар

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы