Қапшағай қаласы бюджеттік комиссиясы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 шілдедегі №530 «Қалалық бюджет комиссиясын құру туралы» қаулысымен құрылып, комиссияның Ережесі бекітілді. Комиссия құрамы Қапшағай қалалық мәслихатының 2017 жылғы 19 тамыздағы №23-98 «Қалалық бюджет комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешімімен бекітілді.
Комиссия құрамына комиссия төрағасы, төраға орынбасары, комиссияның 9 мүшесі, комиссия хатшысы кіреді. Комиссия төрағасы - Қапшағай қаласының әкімі, төраға орынбасары Қапшағай қаласы әкімінің экономика және бюджеттік жоспарлау саласына жетекішілік жасайтын орынбасары. Комиссия мүшелері – қала әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтер әкімдері, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Қапшағай қалалық филиалының директоры, Қаржы бөлімінің басшысы, Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, Қапшағай қаласы бойынша Кірістер басқармасының басшысы, Қапшағай қаласы әкімі аппаратының басшысы. Комиссия хатшысы Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі. Комиссияның жұмыс органы – Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі.
2021 жылдың қаңтар-маусым айларында комиссияның 6 отырысы өтті. Комиссия отырыстарында Қапшағай қаласының және ауылдық округтердің 2021 жылға арналған бюджеттерін түзету, нақтылау, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығыстарының лимиттерін айқындау, бюджеттік өтінімдерін қарау қорытындылары қаралды.