"Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!"Nur Otan" партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған Қапшағай өңірінің 41,2 км жолына күрделі жөндеу, 32,3 км жолына орташа жөндеу жүргізу жоспарланған;
Қапшағай қаласы жолдарының сапасын жақсарту бойынша "Қарлығаш", "гүлдер" және 8-10 шағын аудандарының көшелеріне күрделі жөндеу жүргізілуде.
Бүгінгі күні "РСУ-1" ЖШС мердігерлік ұйымдары "Гүлдер" шағын ауданында топырақты әзірлеу және жоспарлау бойынша жер төсемін орнату, кейіннен тығыздау және сумен нығыздау бойынша жер төсемін салу жұмыстарын жүргізді, одан кейін қалыңдығы 18 см құм-қиыршық тас қоспасынан негіздің төселетін қабатын орнату жүргізілді, содан кейін негіздің жоғарғы қабатын және қалыңдығы 15 см жерде араластыру әдісімен 400 м цементпен нығайтылған С4 қиыршық тас қоспасын төсеу бойынша жұмыстар орындалды. 3 көшеге асфальт төсеу жұмыстары аяқталды.
"РСУ-1" ЖШС мердігерлік ұйымымен 8 және 10 шағын аудандарда топырақты әзірлеу және жоспарлау бойынша жер жұмыстары, кейіннен нығыздау және сумен нығыздау арқылы жер төсемін орнату жүргізілді, одан кейін қалыңдығы 18 см құм-қиыршықтас қоспасынан негіздің төселетін қабатын орнату жүргізілді, содан кейін негіздің жоғарғы қабатын және С4 қиыршықтас қоспасын төсеу бойынша жұмыстар орындалды. Сондай-ақ құдықтар орнатылған су құбырының көшіру жұмыстары аяқталды.
- Қапшағай қаласының "Қарлығаш" шағын ауданындағы жалпы ұзындығы 7,24 км 12 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жоба 2021-2022 жылдары іске асырылады;
"Максдорстройсервис-21" ЖШС мердігер мекеме тарапынан "Қарлығаш" шағын ауданының көшелеріне топырақты әзірлеу және жоспарлау бойынша жер жұмыстарын жүргізді, кейіннен тығыздау және сумен суару арқылы жер төсемін салды, содан кейін қалыңдығы 18 см құм-қиыршықтас қоспасынан негіздің төселетін қабатын орнату жүргізілді, содан кейін негіздің жоғарғы қабатын және қалыңдығы 15 см жерде араластыру әдісімен М 400 5% цементпен нығайтылған С4 қиыршық тас қоспасын төсеу бойынша жұмыстар орындалды. 5 көшеде асфальт төсеу жұмыстары аяқталды.
М.Уринбасаров