(2021 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша)
Қапшағай қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қала әкімдігі "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулы қабылдады, онда аталған санат үшін квота мөлшері жұмыс орындарының жалпы санының 3% мөлшерінде белгіленді.
2021 жылдың басынан есепті күнге бас бостандығынан айыру орындарынан 27 адам босатылды, 129 адам пробация қызметінің есебінде тұр, оның ішінде 30 жұмыссыз. Жұмыспен қамту органдары тұрақты негізде қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамту орталығына бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген (7 адам) және пробация қызметінің есебінде тұрған (16 адам) адамдардан 23 адам жүгінді.
Өтініш білдіргендердің ішінен тұрақты жұмысқа 12 адам орналастырылды, сондай-ақ ақылы қоғамдық жұмыстарға 1 адам, қысқа мерзімді оқуға 1 адам жіберілді.
2020 жылы қала әкімі орынбасарының төрағалық етуімен 4 отырыс, ағымдағы жылы Комиссияның 1 отырысы өткізілді. Отырыстарда жазасын өтеп жатқан сотталғандарды еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, сотталғандар үшін жұмыс орындарын құру мақсатында Алматы облысы бойынша ҚАЖД мекемелеріндегі "Еңбек-Жауғашты" МДҚ өндірістік объектілеріне бизнес-қоғамдастықтарды тарту мәселелері қаралды.
2020 жылы қала әкімі орынбасарының төрағалық етуімен 4 отырыс, ағымдағы жылы комиссияның 1 отырысы өткізілді. Отырыстарда жазасын өтеп жатқан сотталғандарды еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, сотталғандар үшін жұмыс орындарын құру мақсатында Алматы облысы бойынша ҚАЖД мекемелеріндегі "Еңбек-Жауғашты" МДҚ өндірістік объектілеріне бизнес-қоғамдастықтарды тарту мәселелері қаралды.
2018 жылғы 14 ақпандағы № 31-143 Қапшағай қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 тамыздағы № 8-36 "Қапшағай қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы"шешіміне өзгерістер енгізілді. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесіне 15 АЕК мөлшерінде бекітілген біржолғы ақшалай көмек алу үшін өмірлік қиын жағдайға тап болған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар енгізілген. Бүгінгі күні аталған көмекті 568,8 мың теңге сомасына 13 адам алды.
Бөлім басшысы Ж.Торебеков