Меню

Страницы

Статья

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында 2021 жылғы 1 жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыстар ЕСЕБІ

Алматы облысы, Қапшағай қалалық мәдениет үйі  бойынша 2021 жылдың қаңтар мен маусым айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған __30___жуық  іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

 

«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасыаясында:

 

8 қаңтар күні Түрік ақыны, философы Алишер Навои 580 жылдығына арналған танымдық сағаты  өткізілді.

22 қаңтар күні  Ұлы ғалым, тарихшы, этнограф Ш.Уалихановтың 186 жылдығына орай  танымдық сағат әлеуметтік желіде өтті.

 

26 қаңтар күні Наурызбай батырдың туғанына 315 жылдығына орай  видеоролик өткізілді.

27 қаңтар күні «Ұлы дала даналарының сөздері» дебаты  онлайн режимінде өткізілді.

 28 қаңтар күні  Жазушы Олжас Сүлейменовтың 85 жылдығы танымдық видео өтті.

03 ақпан күні  Ақиық ақын М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай челлендж ұйыдастырып желіге салды.

05 ақпан күні «Жырлайды жүрек»  М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әншілер  калалық байқауы өткізілді.

18 ақпан күні  Роза Бағланованың 100 жылдығына орай «Роза салған әндер-ай»  Онлайн ән-кеші  өткізілді.

28 ақпан күні Қазақ поэззиясының әйгілі ақыны, жырау,жыршы Ж. Жабаевтың 175 жылдығына орай  ақынның ескерткіші жанында «Жаһанның жыр Жамбылы»  атты еске алу сағаты өткізілді.

10 наурыз күні  Ақын Марфуға Айтқожинаның 85 жылдығына орай танымдық сағаты желіде  өтті.

15 сәуір күні  «Көктем әні» Ш.Қалдияқовтың әндерінен  байқауы өтті.

26 мамыр күні Әнші, актер, халық әртісі Каукен Кенжетаевтың 105 жылдығына орай  танымдық сағат желіге салынды.

28 маусым күні   «Жамбыл Жабаев – Ұлы дала ақыны» тақырыбында ақын-жазушыларының қатысуымен әдеби кешжеліге салынады.

«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы»арнайы жобасыаясында 1   іс-шара іске асырылды

23 наурыз күні  «Дәстүрлі ән өнері» арнайы  видеоролигі қаламыздың дәстүрлі әншілерінің орындауында әндер шырқалды.

«Дәстүр мен ғұрып»арнайы жобасыаясында4 іс-шара іске асырылды

15 наурыз күні  қалалық кітапханада «Көрісу» рәсімі  этно-мәдени бірлестіктері, Арна ауылдық клубының кізметкерлері мен бірге өткізілді.

21 наурыз күні «Асық пати»  асық ойнау ұлттық ойынды насихаттау мақсатында әлеуметтік желіде өтті.

 

22 наурыз күні  «Аластау»     Ұлттық салт-дәстүр көрінісі әлеуметтік желі арқылы көрсетілді.

 

22 наурыз күні  «Бесікке бөлеу»      Ұлттық салт-дәстүр көрініс әлеуметтік желі арқылы көрсетілді.

 

«Туған жер» арнайы жобасы аясында 5 іс-шара іске асырылды

25 ақпан күні Жазушы Маулен Әнербаймен онлайн сұхбаты өткізілді.

25 ақпан күні Алғыс айту күні қарсаңында Шеңгелді, Арна Қапшағай қалалық мәдениет үйлері мен халықтық ансамбльдерінің есеп беру онлайн – кеші өткізілді.

13 наурыз күні  Қапшағай қалалық кітапханада жетісулық ақын Гүлбақыт Тоқтанқызы Қасеннің шығармашылығына арналған «Өлеңім-өмірімнің асқан шыңы» атты әдеби кафесі өтті. Әдеби кафесіне  қалалық мәдениет үйі мен Арна ауылдық клубы өнерпаздарының атсалысуымен өтті.

 

30 наурыз күні «Уақыт пен кеңестік тоғысқанда» дөңгелек үстел өткізілді.

29 маусым күні  «Құтты мекен – Қазақстан» Этно-мәдени бірлестіктердің онлайн-фестиваліжеліге салынады.

9 сәуір күні  «Жыр жазамын жүрегімнен» поэззия кеші онлайн режимде өтті.

27 сәуір күні «Поэзия сөз өнері алтын тәжі» атты әдеби ашық микрофоны оқушылар мен жас мұғалімдермен  өтті.

25 маусым күні «Тәуелсіз елдің жігіт сұлтаны» қалалық байқауы ұйымдастырылады.

«Қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшуі»жобасыаясында 2 іс-шара іске асырылды

28 сәуір  күні «Сөз асылы шешендік»танымдық видео желіде өтті.

13 мамыр күні «Біз латын әліппиін қолдаймыз» танымдық видеосы желіге салынды.

«Түркі әлемінің генезисі» жобасы

20 мамыр күні «Ұлы дала жыршысы» бейнероликжеліге салынды.

9 маусым күні  «Ұлы жібек жолы -әлемдік өркениет»Таныдық видеосы желіге салынды.

Қапшағай қаласының қалалық кітапханасы 2020 жылдың 1 жарты жылында«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған  28 іс-шаралар мен жобаларұйымдастырылып, өткізілді. Қатысушылар саны – 182 адам. Әлеуметтік желілер бойынша қаралымы – 1428.

«Жаһанадағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы

бойынша 19 іс-шара өткізіліп, 151 адам қамтылды, әлеуметтік желілердегі қаралым саны - 759.

15 қаңтар күні қалалық кітапхана кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту, тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында Буккроссинг акциясын қалалық халыққа қызмет көрсету орталығында ұйымдастырды. Қатысушылар саны 12 адам.

18 қаңтар күні   Қапшағай қаласының қалалық кітапханасы  ғалым, текстолог, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы Қайым Мұхамедханұлы Мұхамедхановтың туғанына 105 жыл толуына арналған  «Ғұлама ғалым»  атты информ-релизді әлеуметтік желілерге жариялады. Қаралымы 141.

26 қаңтар күні қалалық кітапхананың «Рухани жаңғыру» бөлмесінде педагогика ғылымы мен балалар поэзиясының аса көрнекті қайраткері, профессор Әдібай Табылдының 95 жасқа толуына арналған «Ұлттың рухани шамширағы» атты поэтикалық микрофон мектеп оқушылары арасында өтті. Қатысушылар саны 13 адам.

27 қаңтар күні  Заречное  ауылындағы №2 кітапхана  филиалы « «Жетісу-кітапқұмарлар  өлкесі» атты Буккроссинг - еркін  кітап алмасу акциясын  кітапханада ұйымдастырды.  Қатысушылар саны 8 адам.

04 ақпан күні қалалық кітапхана Буккроссинг акциясын қалалық балалар емханасында ұйымдастырды. Қатысушылар саны 13 адам.

09 ақпан күні қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың  туғанына 90 жыл толуына арналған Қапшағай қаласының мәдениет қызметкерлерінің  арасында челлендж әлеуметтік желілерде өтті. Кітапхана ұжымы ақынның «Үш бақытым» өлеңін үш тілде және ақын сөзіне жазылған «Арулар - асыл жандар» әнін орындады. Мақсаты: М.Мақатаевтың өмірі мен шығармаларымен таныстырып, ақынның поэзиясының өміршеңдігін таныту. Қаралымы 140.

8 ақпан күні Шеңгелді  ауылындағы №1 кітапхана-филиалы ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жылдығына «Ақиық ақын» сторитиллинг шарасын өткізді. Қатысушылар саны 9 адам.

 

17 ақпан күні Шеңгелді  ауылындағы №1 кітапхана  филиалы Буккроссинг - еркін  кітап алмасу акциясын   кітапханада  ұйымдастырды. Қатысушылар саны 15 адам.

04 наурыз күні қалалық кітапхана Буккроссинг акциясын Қапшағай су арнасы мекемесінде ұйымдастырды. Қатысушылар саны 13 адам.

18 наурыз күні  Заречное  ауылындағы №2 кітапхана  филиалы «Жетісу-кітапқұмарлар  өлкесі» атты Буккроссинг - еркін  кітап алмасу акциясын  ұйымдастырды.  Қатысушылар саны 12 адам.

23 сәуір күні қалалық кітапхана ҚР халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қабдеш Жұмаділұлы Жұмаділовтің 85 жылдығына арнап «Нағыз халықтық жазушы» атты ақпарат сағатын  әлеуметтік желілерге жариялады. Қаралымы 153.

13 мамыр күні Заречное  ауылындағы №2 кітапхана  филиалы кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту, тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында Буккроссинг акциясы туралы бейне ақпаратты әлеуметтік желілерге жариялады.  Қаралымы 114.

        15 мамыр күні қалалық кітапхана ақын-сазгер, драматург Исраил Сапарбайдың 85 жасқа толуына орай «Ақын қашан да дара тұлға» атты әдеби афиша видеосын әлеуметтік желілерде жариялады. Қаралымы 105.

17 мамыркүні Шеңгелді  ауылындағы №1 кітапхана-филиалы Буккроссинг - еркін  кітап алмасу акциясын   Қ.Жалайыр атындағы №6 орта мектепте ұйымдастырды. Қатысушылар саны 10 адам.

04маусым күні қалалық кітапхана Буккроссинг - еркін  кітап алмасу акциясын   ұйымдастырды. Қатысушылар саны 14 адам.

10 маусым күні қалалық кітапхана Буккроссинг - еркін  кітап алмасу акциясын   ұйымдастырды. Қатысушылар саны 9 адам.

11 маусым күні қалалық кітапхана ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР халық жазушысы Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 85 жасқа толуына арналған «Әлем адамы» атты  виртуалды фотоальбомды әлеуметтік желілерде жариялады. Қаралымы 106.

15 маусым күні қалалық кітапхана Буккроссинг - еркін  кітап алмасу акциясын   ұйымдастырды. Қатысушылар саны 12 адам.

29 маусым күні Шеңгелді  ауылындағы №1 кітапхана-филиалы Буккроссинг - еркін  кітап алмасу акциясын   ауылдық мәдениет үйінде  ұйымдастырды. Қатысушылар саны 11 адам.

«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасыбойынша 2 іс-шара өткізіліп, әлеуметтік желілердегі қаралым саны - 253.

12 қаңтар күні Шеңгелді ауылдық кітапханасы мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туған күніне орай «Өзі өнеге, сөзі ғибрат» тақырыбында тарихи-библиографиялық зерттеу видео дайындап,   Қапшағай қалалық кітапханасының әлеуметтік желілерінде оқырмандар назарына ұсынылды. Қаралымы 124.

13 қаңтар күні  Заречное ауылындағы №2 кітапхана–филиалының ұйымдастыруымен  мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 109 жыл толуына арналған «Алып тұлға» тақырыбында медиа–слайд таныстырылды. Слайдта ұлы кемеңгер Д.А.Қонаевтың  өмірде  ұлы  тұлға болып қалыптасуы туралы ақпарат берілді.Қаралымы 129.

«Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі» жобасы бойынша 1 іс-шара өткізіліп, әлеуметтік желілердегі қаралым саны - 113.

10 маусым күні қалалық кітапхана этнограф, қолөнер шебері Д.Шоқпарұлының туғанына 75 жыл толуына орай  «Дәркембай Шоқпарұлы» мұражайына саяхат» атты видео саяхатты әлеуметтік желілерде жариялады. Қаралымы 113.

«Латын әліпбиіне көшу» жобасыбойынша 1 іс-шара өткізіліп, әлеуметтік желілердегі қаралым саны - 88.

15 маусым күні Шеңгелді  ауылындағы №1 кітапхана-филиалы «Келешектің кілті - латын әліпбиі»  атты электронды ақпаратты    әлеуметтік желілерге жариялады.  Қаралымы 88.

«Түркі әлемінің генезисі» жобасы бойынша 1 іс-шара өткізіліп, әлеуметтік желілердегі қаралым саны - 99.

16 маусым күні қалалық кітапхана «Түркі халықтарына ортақ туындылар» тақырыбында онлайн викторинаны әлеуметтік желілерге жариялады.  Қаралымы 99.

«Туған жер» арнайы жобасыаясында 4 іс-шара іске асырылып, 31 адам қамтылып, әлеуметтік желілерде 116  қаралым болды.

26 қаңтар күні Қапшағай қалалық кітапханасының «Коворкинг» орталығында «Айдыны шалқыған, шағаласы қалқыған  Қапшағайым» атты иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға  библиографиялық шолу таныстырылды. Қатысушылар саны 11 адам.

05 сәуір күні Заречное ауылындағы №2 кітапхана–филиалының ұйымдастыруымен «Ауылым – алтын бесігім» атты иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға  библиографиялық шолу таныстырылды. Қатысушылар саны 10 адам.

20 мамыр күні қалалық кітапхана «Біздің ержүрек жерлестеріміз» атты өлкетанулық досье видеосын әлеуметтік желілерге жариялады. Қаралымы 116.

09 маусым күні Шеңгелді  ауылындағы №1 кітапхана-филиалы «Өлкемнің табиғи өнімдері» атты өлкетанулық сағатты оқырмандар арасында өткізді. Қатысушылар саны 10 адам.

 

Шеңгелді ауылы бойынша 2021 жылдың қаңтар мен маусым айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған 20-ға жуық  іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

 

«Қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшуі»жобасыаясында 1 іс-шара іске асырылды

 

Қаңтар айының 08-і күні Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінде  «Ана тілі-ұлт байлығы» «Рухани жаңғыру» латын қарпіне көшу мақаласы аясында Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалды. Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Латын әліпбиіне көшкенде қазақ тілі жоғалмайды. Өз басым латын әліпбиіне әлдеқашан,сонау тәуелсіздік алған жылдары көшу керек еді деп ойлаймын. Ертерек қолданысқа енгізгенде әріптері ұқсас ағылшын секілді шет тілдерін үйрену,латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес халықтармен қарым-қатынасымыз жеңілдей түсер еді. Осы орайда Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінің әлеуметтік желілерінде танымдық сағаттың бейнетаспасы жарияланды.

 

«Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі»арнайы жобасыаясында 1 іс-шара іске асырылды

 

Қаңтар айының 14-і күні“Ұлы даланың жеті қыры”Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінде  «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында «Ауыл-ел бесігі», «Бөлек би» ауылдық тарихи орындарынан бейнетаспа ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерінде жарияланды. Елімізде киелі жерлер көп болғанымен, оның не үшін қасиетті маңызы бар екенін сырттан келген туристер түгілі, өзіміздің ұрпағымыз түсіне бермейді. Бөлек Тасыбайұлы 1831 жылдан Аягөз сыртқы округының Жалайыр-Шапырашты бөлімшесінің, 1848 жылдан Қапал Притавствосының,1856-1862 жылдары аралығында Алатау округының құрметті биі, 1862 жылдан 1875 жылға дейін Балғалы-Қайшылы болысының аға сұлтаны боп сайланды. Бөлек Тасыбайұлы ХIХ ғасырда өмір сүрген білікті би, көрнекті көсем, санқырлы саясаткер, бүкіл Жетісуға танымал тарихи тұлға.

 

«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасыаясында2 іс-шара іске асырылды

Қаңтар айының 14-ші күні Шеңгелді ауылдық мәдениет үйі Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың – 90 жылдық мерейтойына арналған, «Жырлайды жүрек» атты  онлайн- поэзиясын өткізді. Оқушылар арасында ақынның өлендерін мәнерлеп оқуы бейнетаспаға түсіріліп, мәдениет үйінің әлеуметтік желілерінде жарияланып көптеген алғыс сөздермен пікірлерге ұласты.  Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен, асқан шеберлікпен бере білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл тек шабыты өте жоғары, өлең шығару дарыны бар үлкен талант иесінің қолынан ғана келеді. Сондай таланттардың бірі, поэзия әлемінің асқар шыңы – Мұқағали Мақатаев екенің жас балалар бейнетаспада жеткіздуріде.

5 мамыр күніболашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінің парақшасында әйгілі қазақтың бұлбұл әншісі Роза Тәжібайқызы Бағланова (1 қаңтар 1922, Қазалы, Түркістан КФР, КСРО — 8 ақпан 2011, Алматы, Қазақстан) – әнші, Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық әртісі (1967), Халық қаһарманы (1996). Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай «Ән салса, Роза салсын» атты бейнетаспасында «Шеңгелді ауылдық мәдениет үйі» жанынан құрылған «Асыл әжелер» ансамблінің жетекшісі Чуюншалиева Роза Шамельқызы  Роза Тәжібәйқызының бейнесін келтіріп «Ах, Самара городок» атты әнін орындап шықты. Майдан даласында ән салған Роза Бағланова қазіргі күнге дейін еліміздегі және шетелдегі ән сүйер қауым арасында кеңінен танымал.

 

«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы»арнайы жобасыаясында4 іс-шара іске асырылды

Ақпан айының 26-сі күні Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінде “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы аясында Жамбыл Жабаевтың-175 жыл мерей тойына орай «Ақын, жыршы, жырау Жамбыл» атты кітап көрмесі мен жыр өнері ұйымдастырылды.Көрмеге Жамбыл Жабаевтың «Жапанға біткен Бәйтерек», «Жамбыл Жабаев», «Жыр алыбы Жамбыл» кітаптары  қойылды. Ж.Жабаевтың  «Патша әмірі тарылды»жырын мәдениет үйінің домбыра үйірмесінің жетекшісі Амеркулова Ардақ Аманжолқызы орындады. Кітап көрмесіне Қ.Жалайыр орта мектебінің оқушылары қатысты.

Радахұлына беріліп, қандастарының ерлігі туралы біраз мағлумат айтылды.

орындады. Кітап көрмесіне Қ.Жалайыр орта мектебінің оқушылары қатысты.

 

Ақпан айының  26-шы күні“Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы аясында Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінде  күй өнері – қазақ халқының ең құнды, бағалы мұраларының бірі. Қаны мен жанында күй ойнаған ұлтымыз тума таланттарға кенде емес. Сондай дарын иелерінің бірі – қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нүрпейісованың 160 жыл мерейтойына орай  «Күйші ана-Дина» атты бейнетаспа  түсіріліп,  әлеуметтік  желілерге  жүктеліп,  жарияланды.

 

Наурыз айының 21-ші жұлдызында«Болашаққабағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Айтыс өнері» сайысы өтті. Шеңгелді ауылдық мәдениет үйініңұйымдастыруымен өткен айтыста 10 ақын бақ сынасты,өнер көрсеткен № 6 Қ.Жалайыр атындағы орта мектебінің қазақ әдебиеттінің мұғалімі Н.Жақсымбеков пен  Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Г.Ж. Етекбаева ауыз әдебиетіне қысқаша сөз айтыстырып  әлеуметтік желілерде бейнетаспаға түсірілімі жарияланды.

 

Наурыз айының 22 –і жұлдызында  Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Дәстүрлі ән» үйірмесінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында, «Домбыра пати» атты  жастармен  музыкалық бейнетаспасы түсіріліп әлеуметтік желілерде жарияланды.

 

 

«Дәстүр мен ғұрып»арнайы жобасыаясында6 іс-шара іске асырылды

 

Ақпан айының 18-і күні  Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Саусақтары майысқан» атты қол өнер көрмесі өтті. Көрмеге Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Асыл әжелер» ансамблінің шебер әжесі Жолдыгуль Джумагулова қатысып өз қолынан шыққан бұйымдарын көпшіліктің назарына ұсынды. Жолдыгуль апамыз оқушыларға өз қолымен оюларын ойып, құрақ көрпешелердің тігілу тәсілімен, кимешек түрлерін көрмеге қойып, көрермендердің қол өнер бұйымдарына улкен қызығушылық тудырды. 

 

Наурыз айының 14-күні“Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы аясында Көрісу күніне орай Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысқанын, Таң атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жайғаны, отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шыққаның, үлкендер кішілерге ақ батасын бергені, жақсы тілектер туралы мағлұмат беріліп  әлеуметтік желілерде жарияланды.

18 наурыз күні Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінде, Шеңгелді кітапхана ұжымы мен мәдениет үйінің ұжымының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне арналған  «Наурыз – мәңгілік ел  салтанаты»  атты  мерекелік кеште қазақ халқының ұлттық салт – дәстүрінің бірі  «Тұсау кесу» рәсімі өткізілді, баланың тұсауын Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Шайкенова Бибігүл Кенжеханқызы кесті, рәсім шашу шашумен, ақ тілектермен  аяқталды.

 

Наурыз  айының  21-і күні Шеңгелді ауылының мәдениет үйінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындақазақ халқының салт-дәстүрлі ойының бірі «Теңге алу» жарысы ұйымдастырылды. Бұл ойынға Шеңгелді ауылының жастары ат салысып қатысты. Бозбалалар мен жігіттер атпен жарысып, жерде жатқан теңгені іліп алып, жеңімпаздар анықталып, марапатталды.

 

Наурыз айының 22-ші жұлдызында Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бәйге өткізуге арналған ойын алаңында «Көкпар тарту» ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Ол өз кезегінде щабандоздарға тұлпарларының мықтылығын, білектерінің күштілігін тіледі.  Ортаға серке тасталған сәттен шабандоздар барынша өз өнерлерін ортаға салды. Серкені көтере жөнеліп, тақымына барынша қысқан ауылымыздың жігіттері бірі-біріне дес бермеді. Сайысқа қатысушылардың ойын алаңында рухтарын оятып, жарысқа ауыл жастары белсенді қатысты.

 

16 сәуір күні Шеңгелді ауылының мәдениет үйі “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы аясында  «Қазақ халқының ұлттық қол өнері» туралы іс-шара өткізді. Іс-шараға  Қ.Жалайыр  атындағы № 6 орта мектептің технология - көркем еңбек пәнінің мұғалімі Байназаров  Айтмуханбет Айтанұлының өз қолынан жасаған қазақ халқының қол өнер бұйымдары: астау(ет табақ), ыдыс-аяқ, домбыра, қазақ үй (киіз үй), қобдаша және т.б қол өнерімен таныстырып кетті. Бейнетаспаға түсіріліп, әлеуметтік желілерге жарияланды.

 

 

«Еңбек   –   елдің мұраты»арнайы жобасыаясында1 іс-шара іске асырылды

Көктем шығысымен 20 Наурыз күні Таза табиғат акциясы бойынша Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінің ұжымы мекеменің ауласын көкжелекке айналдыруға көңіл бөліп «Ағаш егу» дәстүрін жалғастырды. Бұл игі іс биылда жалғасын таппақ. Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені, жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді. Бұл бағытта Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінің мекемесі ұзақ жылдан бері ағаш отырғызу,  күтіп-баптау жұмысымен тұрақты түрде айналысып келеді.

«Туған жер» арнайы жобасы аясында 5 іс-шара іске асырылды

16 сәуір күні Шеңгелді мәдениет үйінде «Рухани бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мақтанышым туған өлкем»  атты "Асыл әжелер" ансамблінің есеп беру бейнетаспасын әлеуметтік желі жазылушыларына ұсынады. Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Асыл әжелер» ансамблінің шебер әжелері өз қолдарынан шыққан бұйымдары мен өнерлерін көпшiлiктің назарына ұсынып, ансамблдің шығу тарихына бейнетаспа арқылы шолу өткізді. «Асыл әжелер» ансамблінің  2009 жылы құрылды. Бұл ансамбль Шеңгелді ауылда халықтық әндермен билерді орындайтын сонымен қатар қолөнер тұындыларды жасайтын  бірегей  және әрі  тұңғыш ансамбль.  Алматы облысында, Қапшағай қаласында, Шенгелді ауылдық округінің маныңдағы Қосқұдық, Кербұлақ т.б. көрші ауылдарда өз өнерлерін көрсетіп халықтың ыстық ықыласына бөленген ұжым.

«Асыл әжелер» ансамблі 2009 жылдың 22 наурызында Шеңгелді ауылдың өнерпаздарымен бірге өткізілген мерекелік концертте өзінің бірінші өнер жолын бастады.

28 сәуір күні«Шеңгелді ауылдық мәдениет үйі» МКҚК-да болашаққа бағдар рухани жаңғыру бағдарламасы аясында онлайн режимінде Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінде жыл сайын өтетін «Пай, пай қазақтың келіндері-ай» «Жақсы келін ырысың» келіндер сайысы, міне биылда «Тәуелсіз елдегі қазақ келіндері» атты Қазақстан Республикасының - Тәуелсіздігіне 30-жыл толуына орай онлайн байқауы ұйымдастырылды. Байқауға мемлекеттік қызмет пен үйдегі міндетін қатар алып жүрген келіндер қатысты.  Өзара сайысқа түсіп, салт-дәстүрімізді насихаттады. Біліктілігі мен білімін көпшілікке паш ете білген олар жылы пікірге ие болды. Бұл жобада әулеттің түтінін түтетіп, берекесін кіргізіп, ырысын арттырып отырған,  қоғам алдындағы қызметін қатар алып жүрген келіндер сайысқа түсті. «Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінің» инстаграм желісінде жарияланған әр келіннің ереже бойынша өз үйінде орындаған «Өзің-өзі таңыстыру», «Ұлттық тағам дайындау», «Ұлттық өнері» сынды тапсырмалар арқылы бақ сынады. Оған мұғалім, психолог, ауылда тұратын аналар тәлімгер ретінде қатысып, келіндер жұмысын мәдениет үйінің әлеуметтік желідегі жазылушылары лүпіл арқылы бағаларын беріп, пікірлерін қалдырды. Байқауға 5 үміткер қатысты. Сынақтан сүрінбей өтіп, оқ бойы озып шыққан жүлдегерге «1 дәрежедегі» номинациясы Ақөзек ауылының № 10 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ускенбаева Майя Ерболатовнаға берілді. Мемлекеттік қызметте 3 жылдық еңбек өтілі бар Майяны инстаграм парақшасының жазылушылары осы атаққа лайық деп таныды. Ол бұл бәсекеде өзінің салт-дәстүрге жетік екенін көрсете білген.Сайысқа қатысқан өзге де келіндерге «2,3 дәрежедегі», «Инабатты келін», «Өнегелі келін» номинациясы берілді. «2 дәрежедегі» атанған Калкадамова Айман Сарыбұлақ ауылының келіні, № 8 орта мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы «Баланы бесікке бөлеу» рәсімімен таңыстырды. 
Отбасы құндылығын дәріптеген «3 дәрежедегі» Тайбакова Саяжан Толеубековна Шеңгелді ауылының № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі ол қазақтың ұлттық қол-өнерін халыққа көрсетіп оң бағаға ие болды.  
Жеңімпаздарға бағалы  сыйлықтар ұсынылды.

1 мамыр күні болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ынтымағы жарасқан, тәуелсіз елім Қазақстан» атты 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай  бейнетаспа түсіріліп, Facebook, Instagram -  парақшаларында жарияланды. Бұл мереке адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы  ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген  күн! Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

Мамыр  айының  9-шы жұлдызында  «Рухани бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ешкімде, ештеңе де ұмытылмайды»  атты онлайнконцерттің бейнетаспаға түсіріліп, әлеуметтік желілерге жарияланды. Шараға  Шеңгелді ауылындағы мәдениет үйінің әдіскері Итемгенова Толқынай «Кукушка», «А закаты алые», және мәдениет үйінің әншісі Жакупов Қайрат «День победы», Қ.Жалайыр атындағы № 6 орта мектеп оқушылары Қазтай Диана,Темірхан Бинур өз өнерлерімен ат салысты. Шеңгелді ауылындағы 12740 ә/б ҚРҚК борыштарын атқарып жүрген қатардағы жауынгерлер: Майрош Юрий, Ермагамбет Шыңғысхан, Асылбеков Ануар өз өнерлерін көрсетіп, Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйін орындап, жеңіс күніне арналған әндерді шырқады.

Мамыр  айының  9-шы жұлдызында  «Рухани бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ешкімде, ештеңе де ұмытылмайды» атты Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевқа арналған онлайн тарихи сағаттың бейнетаспасы мәдениет үйінің парақшаларында жарияланды. «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

 

Барлық шара саны – 20

Дата публикации
20 августа 2021
Дата обновления
20 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
17 октября 2026
Ақпараттық материалдар
Ақпарат
13 октября 2026
Мәслихат-2026
Ақпарат
14 июля 2026
Саяси партиялардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындар

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы