Қапшағай қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бүгін терроризмге қатысты іс-қимыл белгілерінен қорғану мен халықты ақпараттандыруға бағытталған онлайн семинар өтті. Семинарға Алматы облысының дін істері басқармасы жанындағы «Дін саласындағы зерттеу орталығы» директорының орынбасары – Сағыныш Асқарұлы Жаңабай, Философия ғылымдарының докторы, Түркістан облысы бойынша «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының жетекшісі – Бауыржан Қуанышбайұлы Ботақараев, тарих ғылымдарының докторы Сманқұлова Жанат Ерекенқызы, Қапшағай қаласының терроризмге қарсы күрес комиссиясының мүшелері, мемлекеттік және коммуналдық мекеме қызметкерлері, жастар ресурстық орталығы мен діни бірлестіктердің жетекшілері қатысты.