Меню

Страницы

Статья

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы туралы (ОЖБ) Қайырлы күн, Қапшағай қаласының тұрғындары!

Біз Сізге Қазақстан Республикасында белгіленген заңнамалар шеңберінде мүгедектігі бар адамдар үшін барлық қажетті іс-шаралар туралы айтып өткіміз келеді. Мүмкіндігі шектеулі әрбір азамат мүгедектікті алғаннан кейін медициналық ұйымдардан (медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясы - МӘСК) ОЖБ деп аталатын жеке оңалту бағдарламасын алады.

Әрбір ОЖБ-да әрбір мүгедек үшін жеке-жеке әлеуметтік, кәсіптік және медициналық көмектің түрлері жазылған. Біз сізге өмірлік қиын жағдайда жүрген мүмкіндіктері шектеулі адамға туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдай жасауды және басқа азаматтармен бірге қоғам өміріне қатысу үшін мүмкіндіктер жасауды қамтамасыз етуге бағытталған қызметтерді алуға көмектесе аламыз.

Мүгедектерді әлеуметтік оңалту мүгедектердің тіршілік-тынысының шектелуін еңсеру үшін жағдай жасауға, әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, олардың әлеуметтік-тұрмыстық және ортаға бейімделуіне бағытталған. ОЖБ-ға сәйкес мүгедектер протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен, кресло-арбалармен, санаторий-курорттық емделумен, жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтерімен және мүгедектердің оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға арналған өтініші негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен басқа да әлеуметтік оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Егер сіз, мүмкіндігі шектеулі адам болсаңыз немесе сіздің қамқорлығыңызда осындай адам болса, онда мүгедектігі бар әрбір адамның мүгедектік тобына және оның қажеттіліктеріне қарай әрқайсысы үшін жеке жасалған оңалтудың жеке бағдарламасы (ОЖБ) бар екенін біліңіз. Бұл мүгедектің де, оның туыстары мен жақындарының да өмірін айтарлықтай жеңілдетеді.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы бар барлық ресурстар туралы толық ақпарат алу үшін мына мекен-жайға хабарласуыңызға болады:

Қапшағай қ. 1мкр, 41 үй, "Бәйтерек" БО 19 кабинет, байланыс телефондары: 8/72772/22988, 8/72772/79193.

Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Дата публикации
22 февраля 2021
Дата обновления
22 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
17 октября 2026
Ақпараттық материалдар
Ақпарат
13 октября 2026
Мәслихат-2026
Ақпарат
14 июля 2026
Саяси партиялардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындар

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы