04 ақпан күні Шеңгелді ауылдық кітапханасы мен Шеңгелді ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Туған жерге туыңды тік» атты тақырыбында өлкетанулық ойын өтті. Шараға Қ.Жалайыр атындағы №6 орта мектебінің 9-11 сынып оқушылар қатысып, кітапхананың оқу залында өтті. Жеңімпаз топқа бағалы сыйлықтар мен алғыс хат ұсынылып, шара соңында «Шежірелі Шеңгелді» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалынды.