Меню

Страницы

Статья

«Жетісу адалдық алаңы» жобасы аясында атқарылған шаралар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агеттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жоғары моральдық-этикалық нормалар мен құндылықтарды арттыру мақсатында «Жетісу -  адалдық алаңы» жобасы іске қосылған болатын. Жоба аясында Қапшағай қаласында жылдың басынан 150 іс-шаралар өткізу жоспарланған. Алайда, еліміздегі карантин режиміне байланысты түрлі форматта 25 іс-шара ұйымдастырылып, қалғаны онлайн форматқа ауыстырылды. Өткізілген шараларға тоқталып өтсек:

Қапшағай қаласының барлық 15 мектебінде «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты марафоны, «Адал ұрпақ» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым екенін айта отырып, «Адал ұрпақ» ұйымы мүшелерінің қатысуымен «Өрле, Қазақстан»  тақырыбында флешмоб, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие: білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысының жүйесі», «Адал ұрпақ» атты дөңгелек үстелдер өтті. Қала жастары арасында «Сыбайлас жемқорлық, оны болдырмау жолдары», атты дебат, «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты сурет көрмесі, «Жемқорлық – ауыр дерт» тақырыбында сахналандырылған қойылымдар қойылды.

Онымен қоса, жасөспірімдердің мемлекеттік қызметкерлермен кездесулер мен КВН ұйымдастырылды. Өткізілген шаралар Қапшағай жастарына, өскелең ұрпақтарына  адалдықты қорғау қажеттігін, ол үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуы керектігін  ашып көрсетті. Адалдық  - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ожданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы екендігіне дәлел болды.

Дата публикации
04 декабря 2020
Дата обновления
04 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
17 октября 2026
Ақпараттық материалдар
Ақпарат
13 октября 2026
Мәслихат-2026
Ақпарат
14 июля 2026
Саяси партиялардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындар

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы