«КЕЛЕШЕК» ЖШС
Банкроттық процедурасы
050008, Алматы қ., Шевченко көшесі, 162/7 үй, 309/1 кеңсесі, тел. 8 (727) 375 63 71, 8 705 292 22 02, эл. поштасы pravo-2050 @mail.ru
2020 ж. 20 қазан шығыс №183
Алматы қаласының әкімдігіне
Алматы облысының әкімдігіне
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҰСЫНЫС
Алматы қаласының Мамандырылған Ауданаралық Экономикалық сотының 21.12.2018 ж. шешімімен «Келешек» ЖШС банкрот болып танылып, банкроттық процедурасы қозғалған (сот шешімі 25.01.2019 ж. күшіне енген).
«Келешек» ЖШС-нің 8 жұмыскер алдында жалпы сомасы 17 223 945 теңге мөлшерінде берешегі пайда болуына орай, банкроттық басқарушымен құзыреті шегінде «Келешек» ЖШС-нің меншік иелігіндегі 2 жер учаскесін сату бойынша жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда:
Орналасқан мекен жайы-Алматы қаласы, Алатау ауданы, Саялы шағынауданы, Ақбұлақ көшесі, №118 учаскесі, Кадастрлық нөмірі-20:321:033:407
Нысаналы мақсаты- қызмет көрсету объектілерімен көпфункционалды тұрғын кешені үшін, Жер учаскесінің бөлінуі-бөлінбейді
Бағалау құны-195 417 724 теңге, Бастапқы бағасы-109 922 470 теңге.
Орналасқан мекен жайы-Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Жаңа шағынауданы, №1 үй, Кадастрлық нөмірі-03:057:004:673
Нысаналы мақсаты- Достық үйі мен көпқабатты тұрғын кешенінің құрылысы үшін, Жер учаскесінің бөлінуі-бөлінеді
Бағалау құны- 344 583 195 теңге, Бастапқы бағасы- 258 437 397 теңге.
Жер учаскелерін сату электрондық сауда арқылы жүзеге асырылады. Ұйымдастырушысы-«Информационно-учетный центр» АҚ (www.gоsreestr.kz). Сонымен қатар, мүлікті тікелей сату тәсілін қолдану мүмкін (сауда-саттықты өткізбей-ақ). Кезекті сауда-саттық 28.10.2020 ж. Біріңғай сауда алаңында (www.gоsreestr.kz) өткізілуге тиіс.
Жұмыскерлердің құқығын қорғау және жұмыс ұжымы алдында берешекті жою мақсатында жоғарыда аталған жер учаскелерін сатуға ықпал етуіңізді сұраймыз.
Толық ақпараттар алу үшін тел. 8 (727) 375 63 71, +7 705 292 22 02,
pravo-2050 @mail.ru эл. поштасы арқылы байланысуды сұраймыз.
Құрметпен, «Келешек» ЖШС-нің
банкроттық басқарушысы А.С. Оспанбеков