«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2006 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешім қосымшасының 4-тармағындағы «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Малыш балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны» атауы «Малыш балабақшасы»Жеке кәсіпкер» атауымен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 5-тармағының екінші абзацынан «№ 4» нөмірі алынып тасталсын»;
көрсетілген шешім қосымшасының 6-тармағындағы «Қапшағай қаласы, Қапшағай «Бәйтерек» колледжі» сөздері «Қапшағай қаласы, Қойшыманов көшесі, № 10 «а», «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нұр-бөбек балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны» сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 8-тармағының екінші абзацы «№ 1 а» нөмірімен толықтырылсын;
көрсетілген шешімнің 15-тармағының екінші абзацы «№ 3/1» нөмірімен толықтырылсын;
көрсетілген шешімнің 17-тармағының екінші абзацы «№ 47» нөмірімен толықтырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасы 21-тармағының екінші абзацы «Жамбыл көшесі» сөздермен толықтырылсын.
Қапшағай қаласының әкімі Н. Құматаев