2020 жылғы 06 қазанда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының баптарына өзгерістер еңгізілді

27-бап. Сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарына ие болу

  1. Жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мүлікті мемлекетке сыйға тарту шартына осы бапта белгіленген ерекшеліктерімен қоса Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 27-тарауының ережелері қолданылады.

       Мемлекеттік қызметшілерге және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдарға олардың лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты берілген, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне берілген сыйлықтарға құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері осы Заңның 216-бабында айқындалады.

  1. Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болуы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
  2. Жер учаскелерін сыйға тарту шарты негізінде жеке меншіктен мемлекет меншігіне беру Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
  3. Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік мүлік құрамына жалпы пайдалану мақсатында (қайырмалдық) беру Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 516-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Изменения в Законе об имуществе
Дата публикации
13 ноября 2020