«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қапшағай қаласы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Ауылшарушылықты және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын өркендету, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қапшағай қалалық мәслихаты Қапшағай қалалық
сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
___________________ Б. Абенов _______________ Қ. Ахметтаев