Қонаев қаласы (ауыл) бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға 175 орынға конкурс жариялайды

Қонаев қаласы (ауыл) бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға

175 орынға конкурс жариялайды.

        Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды:

  1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;

  2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;

 3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;  

4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;    

5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі.     

Құжаттар қабылдау 2025 жылғы ақпан айының 05-07 күндері аралығында Алматы облысы, Қонаев қаласы, 4 шағын ауданы, 61/1 мекенжайында 2 қабатына мекеме басшысының қабылдау бөлмесіне қабылданады. Электрондық пошта: qapshagai.goroo@mail.ru, жауапты әдіскер Аханова Айжан Даукеновна.

        Конкурсқа ұсынылған құжаттар 2025  жылдың 10 ақпан  күні ашылады.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім Қонаев қаласы бойынша білім бөлімінің  интернет-ресурстарында жарияланады.

Байқау бойынша хабарландыру
Дата публикации
05 февраля 2025