Қонаев қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы

Жоба

          Қазақстан Республикасының «Бюджет Кодексінің» 55-бабы 1-тармағының 5 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15 тармақшасына сәйкес, Қонаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.    Қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүруді қамтамасыз ету:

         Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларға;

         екінші және үшінші топтағы мүгедек адамдарға және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға:

         он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдарға.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына  жүктелсін.

  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Қала әкімнің м.а                                                                            Ж. Оңалбаев

 

Қонаев қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы
Дата публикации
13 ноября 2024