Алматы облысы Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы облысы Қонаев қаласының  аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 8 желтоқсанда Қонаев қаласының мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтетінін хабарлайды. Сайлау бірмандаттық      № 1 және №5  сайлау округтері бойынша өтеді.

Шығып қалған депутаттардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1-тармағында көзделген.

Сайлау іс-шараларын өткізу мерзімдерін Қонаев қаласының  аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.

Алдағы уақытта  болатын сайлау туралы толығырақ ақпаратты Қонаев қаласының  аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасынан алуға болады.

Дата публикации
11 октября 2024