Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

 «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Лауазым атауы:

"Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балалар шығармашылық және жазғы демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  директоры.

Жұмыс орнының орналасқан жері:

Қапшағай қаласы, 3 ықшам аудан мекенжайында орналасқан "Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балалар шығармашылық және жазғы демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 

Лауазымдық міндеттер:

Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын іске асыруды ұйымдастырады.

Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:

  1. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
  2. Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі;
  3. Білім беру ұйымдары басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;
  4. Бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» санатының болуы;

Қажетті құжаттар тізбесі :

  • өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  • білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
  • бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалар мен көтермелеуді көрсетілген өндірістік мінездеме;
  • қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтің құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
  • сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
  • тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
  • біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
  • білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
  • білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат қажетті құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде төменде көрсетілген мекенжайдағы мемлекеттік орынға тапсыруы тиіс.

 

Конкурс жайында мәліметтерді төмендегі мекен-жайдан хабарласып білулеріңізге болады:

Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі 13, 211 кабинет, тел: 8(72772)4-68-41

Объявления о проведении конкурса на замещение руководителя государственного учреждения среднего образования
Дата публикации
06 октября 2020