} "Қапшағай қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Сізге 2020-2022 жылдарға арналған бюджет туралы ақпарат береді. Халықаралық тәжірибеде мұндай ақпарат Азаматтық бюджет деп аталады.
} Мұндай форматта ақпарат алғаш рет орналастырылады.
Бұдан әрі жұртшылықтың пікірін ескере отырып, ақпарат беру форматы пысықталатын, жетілдірілетін және мезгіл-мезгіл жаңартылатын болады. Өз тарапымыздан сізден ұсыныстар күтеміз. "Қапшағай қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларында қойылған міндеттерге, Қапшағай қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019-2023 жылдарға арналған болжамына, кірістерді болжау әдістемесіне сәйкес қалыптастырылды және Қапшағай қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы "Қапшағай қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" №63-227 шешімі бекітілді».