Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Лауазым атауы:
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кербұлақ ауылындағы №7 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі директоры.
Жұмыс орнының орналасқан жері:
Қапшағай қаласы, Кербұлақ ауылында орналасқан «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кербұлақ ауылындағы №7 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Лауазымдық міндеттер:
Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын іске асыруды ұйымдастырады.
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:
- Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
- Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі;
- Білім беру ұйымдары басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;
- Бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» санатының болуы;
Қажетті құжаттар тізбесі :
- өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
- бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалар мен көтермелеуді көрсетілген өндірістік мінездеме;
- қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
- «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтің құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
- тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
- біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
- білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
- білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат қажетті құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде төменде көрсетілген мекенжайдағы мемлекеттік орынға тапсыруы тиіс.
Конкурс жайында мәліметтерді төмендегі мекен-жайдан хабарласып білулеріңізге болады:
Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі 13, 211 кабинет, тел: 8(72772)4-68-41