«Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

                                                                         Қапшағай қаласы әкімдігінің

                                                                         2016 жылғы « _27_»____________

                                                                         №______қаулысына

                                                                         №_____қосымша

 

«Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер
  2. «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі /бұдан әрі-мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі/ заңдарда ескертілген шекте мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты іс жүзінде асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
  3. Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелер:

1) «Қапшағай қаласы әкімінің мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

2)  Қапшағай қаласы әкімдігінің «Шеңгелді ауылының Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

3) «Қапшағай қаласы әкімінің аппараты» мелекеттік мекемесінің «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

4) «Қапшағай қаласы әкімінің қалалық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі.

  1. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанадағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшының бұйрықтарымен және Қазақастан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
  6. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіліді.
  7. «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: индекс 040800, Қазақастан Республикасы, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Жамбыл №13.
  8. Мемлекеттік органның толық атауы: «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  9. Осы Ереже «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  10. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  11. Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.

Егер мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

ПОЛОЖЕНИЕ о государственном учреждении «Отдел культуры и развития языков города Капшагай»
Дата публикации
07 сентября 2020