«Қапшағай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

                                                 

Қапшағай қаласы әкімдігінің  2020 жылғы «___» _________ №_____ қаулысымен бекітілген қосымша

 

                                                                                

«Қапшағай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Қапшағай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қапшағай қаласының аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлім мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4.Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында филиалы мен өкілдігі жоқ.

  1. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.    
  2. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  3. Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
  4. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
  5. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, № 13.
  6. Мемлекеттiк органның толық атауы - «Қапшағай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  7. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
  8. Бөлімнің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  9. Бөлімге кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бөлімнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

Положение о государственном учреждении «Отдел физической культуры и спорта города Капшагая»
Дата публикации
07 сентября 2020