Қонаев қаласы мәслихатының депутаты Б.Т.Садықовтың өкілеттіктерін тоқтатуға әкелетін негіздердің туындағаны туралы

Қонаев қаласы мәслихатының депутаты Б.Т.Садықовтың

 өкілеттіктерін тоқтатуға әкелетін негіздердің туындағаны туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы                       28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 10 бабы 5 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабы 3 тармағы       9 тармақшасына, 4-тармағына сәйкес және Қонаев қаласы мәслихатының депутаттары С.Ш. Нуржанов, С.Т. Мухамедьяров, А.Ғ. Ракишева,               Р.И. Джарлаев,  А.Е. Ибраев, И.Р. Игисиновтардың және №88-01/27 Қонаев қаласының әкімі Н.О.Куматаевтың 2024 жылғы 26 қаңтардағы хаттарының  негізінде Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қонаев қаласы мәслихатының депутаты Болат Таутенұлы Садықовтың өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамағанына байланысты оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіздер туындады деп белгіленсін.
  2. Қонаев қаласы мәслихатының депутаты Болат Таутенұлы Садықовтың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қонаев қаласы мәслихатына енгізілсін.
  3. Қонаев қаласы мәслихатының осы қаулыны орынду мерзімі 2024 жылғы   29 қаңтар деп белгіленсін.

 

 

         Төраға                                                                          Э. Күздеубаева

 

         Хатшы                                                                          Г. Айтимбетова

 

 

Қонаев қаласы,

2024 жылғы 27 қаңтар

№ 3

 

Қонаев қаласы мәслихатының депутаты Б.Т.Садықовтың өкілеттіктерін тоқтатуға әкелетін негіздердің туындағаны туралы
Дата публикации
27 февраля 2024