Қонаев қалалық мәслихат депутатын сайлау жөніндегі № 10 және № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындау туралы

 Қонаев қалалық    мәслихат депутатын  сайлау жөніндегі

№ 10 және № 11  бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясының мүшелерін  тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық  заңының              19-бабы 8-тармағына сәйкес және Э.Тилеужанова  мен Д.Таеваның          2024 жылғы  15 қаңтардағы  өтінішінің негізінде Қонаев қаласының  аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін бос орынға Қонаев қаласы   мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №10  бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясының мүшесі   болып Эльмира Адильбековна Тилеужанова   тағайындалсын.
  2. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін бос орынға Қонаев қаласы   мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясының  мүшесі болып Дана Асқарқызы Таева  тағайындалсын.
  3. Осы қаулы Қонаев қаласының  мәслихатына  және №10, №11 бірмандаттық  аумақтық  округтік сайлау комиссияларына  жіберілсін.

 

 Төраға                                                                             Э.Куздеубаева

 

   Хатшы                                                                             Г.Айтимбетова

 

 

Қонаев қаласы,

2024 жылғы 18 қаңтар

№ 2

 

Қонаев қалалық мәслихат депутатын сайлау жөніндегі № 10 және № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындау туралы
Дата публикации
27 февраля 2024