Е.Т. Қашағановтың Қонаев қаласы мәслихатының депутатының өкілеттігін жоғалту туралы

Е.Т. Қашағановтың Қонаев қаласы мәслихатының

 депутатының өкілеттігін  жоғалту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағы, 3-1) тармақшасына, 4-1 тармағына  сәйкес және «AMANAT» партиясы» ҚБ   АОФ  Саяси кеңес Бюросының  2024 жылғы    12  қаңтардағы № 003PQ қаулысы негізінде,  Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ерлан Темірғалиұлы Қашағанов «AMANAT» партиясы мүшелерінің қатарынан шығарылуына байланысты Қонаев қаласы мәслихатының депутаты ретіндегі өкілеттігінен айырылды деп белгіленсін.

2.«AMANAT» партиясынан сайланған депутат Ерлан Темірғалиұлы Қашағанов  өкілеттіктерін жоғалтуы туралы Қонаев қаласының мәслихатына хабарлансын.

 

Төраға 

                   Э. Күздеубаева

 

Хатшы


                    Г. Айтимбетова

 

Қонаев қаласы,

2024 жылғы 15 қаңтар

№ 1

 

Е.Т. Қашағановтың Қонаев қаласы мәслихатының депутатының өкілеттігін жоғалту туралы
Дата публикации
27 февраля 2024