Қонаев қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

 ЖОБА

 

Қонаев қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін

және  тәртібін айқындау туралы

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы»  №117 бұйрығына сәйкес, Қонаев қалалық  мәслихаты  ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қонаев қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
  2. «Қапшағай қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Қонаев қаласы мәслихатының 2016 жылғы 20 маусымдағы №5-28 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3901 болып тіркелген), « Қапшагай қаласы мәслихатының 2016 жылғы 20 маусымдағы № 5-28 «Қапшағай қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қонаев қаласы мәслихатының 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 16-49 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25704 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Қонаев қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Дата публикации
25 января 2024