Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағы, 3-1) тармақшасына, 4-1) тармағына сәйкес және «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі Алматы облыстық филиалы Саяси кеңес Бюросының 2024 жылғы 12 қаңтардағы № 003PQ қаулысы негізінде, Ерлан Темірғалиұлы Қашағановтың «AMANAT» партиясынан шығарылуына байланысты № 10 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қонаев қаласы мәслихатының депутаты ретіндегі өкілеттігін жоғалтқаны туралы хабарлайды.