Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру тәртібін, сондай-ақ олардың сипаттамасын айқындайды.
- Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген "Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі - Нормалар мен талаптар).
2-тарау. Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру, омырауға тағатын белгілерді беру тәртібі, сондай-ақ олардың сипаттамасы
- 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады (бұдан әрі - жасөспірімдік разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет), оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, портал арқылы аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органына, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аудандардың әкімдеріне (бұдан әрі - ауданның жергілікті атқарушы органы) жүгінеді.
- Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін қамтитын, спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидалардың 2-қосымшасында спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының форматындағы осы Қағидалардың 3-қосымшасында жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының форматында баяндалған.