2024 жылғы 4 қаңтарда Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы өтті. Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясының хаттамалық шешімімен комиссия төрағасы болып Куздеубаева Эльмира Қамбарқызы сайланды, комиссия төрағасының орынбасары болып Бакирова Самал Бағдатқызы сайланды, комиссия хатшысы болып Айтимбетова Гаухар Қанатбекқызы сайланды. Олар 04.01.2024 жылдан бастап тұрақты кәсіби негізде өз өкілеттіктерін жүзеге асыра бастады.