Қапшағай қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджетінің АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

Сіздердің назарларыңызға Қапшағай қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджетінің Азаматтық бюджетін ұсынамыз. Азаматтық бюджет бюджетті қалыптастыру, 2020 жылдың негізгі әлеуметтік көрсеткіштері, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, бюджет кірістері мен шығыстарының негізгі бағыттары туралы мәліметтерді қамтиды.

Қапшағай қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет, Салық кодекстері, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында белгіленген міндеттер, Қапшағай қаласының 2020-2024 жылдарға арналған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, бюджет түсімдерін болжау әдістемесі негізінде әзірленді.

Бюджет Қапшағай қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы “Қапшағай қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы” № 63-227 шешімімен бекітілді (Қапшағай қалалық мәслихатының 2020 ж. 28 шілдедегі № 74-268 шешімімен енгізілген өзгерістерімен) .

Гражданский бюджет бюджета города Капшагай на 2020 – 2022 годы
Дата публикации
12 августа 2020