1. "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 285 бұйрығымен бекітілген "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 15846 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) сәйкес "Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Тараз қаласы, аудан әкімдіктерінің жер қатынастары бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі: жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау немесе стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік корпорация қызметкерінен стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері Мемлекеттік корпорация қызметкерінен құжаттар топтамасын қабылдауы мен тіркеуін жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;
2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды және тиісті бұрыштама қояды, 2 (екі) сағат ішінде;
3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімнің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болуы, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді бас тартады;
4) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын әзірлейді және қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды және көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне береді, күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Мемлекеттік корпорация қызметкеріне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 15 (он бес) минут ішінде.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі: