"Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттiк қызметті көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңы, ауданішілік, ауданаралық (қалааралық, облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлік алған және тасымалдаушылар мен тиісті жергілікті атқарушы органдар арасындағы жасалатын жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарттарын жасаған жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      3. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) қозғалыс кестесі - жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбір аялдама пункті бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтерді қамтитын құжат (кесте, графикалық бейне);

      2) маршрут - белгілі бір бастапқы, аралық және соңғы аялдама пункттері арасында автобустың, шағын автобустың, троллейбустың белгіленген жүру жолы.

      4. "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттiк көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік

Правила оказания государственной услуги "Утверждение маршрутов и расписания движений регулярных городских (сельских), пригородных и внутрирайонных автомобильных перевозок пассажиров и багажа"
Дата публикации
11 августа 2020