Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағы 34-19) тармақшасына сәйкес жасалды және Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау (бұдан әрі – шығыстар) тәртібін айқындайды.
      2. Осы қағидаларда мынадай қысқартулар мен терминдер пайдаланылады:
      1) уәкілетті орган – теміржол көлігі саласында басшылық ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады;
      2) Ұлттық инфрақұрылым операторы – магистральдық теміржол желісін жаңғыртуды, күтіп-ұстауды, пайдалануды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі заңды тұлға.
 

2-бөлім. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге
асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау
тәртібі

1-параграф. Субсидия мөлшерін анықтау

      3. Ұзақ мерзімді субсидиялауға тиісті деңгейдегі бекітілген бюджет шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушы айқындайтын шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын ашық тендер негізінде өтетін конкурс нәтижесі бойынша айқындалған тасымалдаушының шығыстары жатады.
      4. Облысаралық қатынастар уәкілетті органдармен, ал ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және қала маңы қатынастары – жергілікті өкілдер және облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және облыстық атқарушы органдармен айқындалады.
      5. Тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарын есепке ала отырып облысаралық қатынастардағы шығыстарды тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген сома мөлшерінде субсидияланады.

Правила долгосрочного субсидирования расходов перевозчика, связанных с осуществлением перевозок пассажиров по социально значимым сообщениям
Дата публикации
11 августа 2020