«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында Қонаев қаласы және өңірі бойынша ақпарат.
Қонаев қаласы және өңірі бойынша 35 жасқа дейінгі жастарға 2,5%-пен 5 000 000 теңге көлемінде шағын несие 9 адамға берілді (мал шаруашылығы-1, дүкен ашуға-2, жүк тасымалау көлігіне-2, ағаш өңдеу-1, сабын шығару-1, компьютерлік қызмет көрсетуге-1, демалыс жағажайында қызмет көрсету-1). Оның ішінде Шеңгелді ауылдық округінен 2 адамға берілді. (мал шаруашылығына 10 бас жылқы алуға, құрылыс дүкенін ашуға).
Шағын несие алған азаматтар салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелді.
2023 жылдың 02 қазанында Қонаев қаласы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға конкурстық негізде 400 АЕК (1380000 теңге) көлемінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 10 адамға мемлекеттік гранттар берілді. Оның ішінде қоғамдық тамақтану-3 (жартылай дайын өнімдер, шұжық өнімдері, фастфуд өнімдері), Заречный ауылындағы балалар массажы-1, дәнекерлеу цехын ашу-1, таксопарк-1. Көп балалы отбасы-6, мүмкіндігі шектеулі азаматтар-2, мүмкіндігі шектеулі бала күтіміне байланысты-1, асыраушысынан айырылған азамат-1. Шеңгелді ауылдық округі бойынша 4 адам қайтарымсыз гранттар алды. Оның ішінде мал шарушылығы-2, құс өсіру-1, қоғамдық монша ашу-1.