Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 105-бабының 1-тармағының 2 бөліміне сәйкес Серик Шерниязданович Ныгмеджанов пен Әділжан Нұржанұлы Шәкір № 11 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қонаев қаласы мәслихатының депутаттығына өздерінің кандидатураларын алып тастағандығы туралы хабарлайды.