Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2020 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және "Жылжымалы мүлік кепiлiн тiркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды (бұдан – әрі машина) кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу және "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге арналған өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметтерді алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) кепілді электрондық тіркеу – бірыңғай тізілім арқылы электрондық нысандағы өтініш негізінде жүзеге асырылатын машиналар кепілін тіркеу;

      3) тіркеуші орган – машиналардың кепілін тіркеуді, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген іс-қимылдарды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші)).

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) электрондық немесе қағаз нысанында көрсетіледі.

      Кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсуi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да көрсетілетін қызметті алушы бола алады.

      5. Машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), машиналар кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркеуші органға (көрсетілетін қызметті берушіге) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) не Мемлекеттік корпорация не тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркеуші органға (көрсетілетін қызметті берушіге) портал не Мемлекеттік корпорация арқылы не тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамалары, нысаны, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартында баяндалған.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) өтініш қабылданған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері ұсынылған құжаттар мен өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданғанда, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар қабылданғаны туралы қол хат беріледі.

      Қабылданған құжаттар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларына сәйкес тіркеуші органға жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      8. Тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері жүгінгенде, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесінде қағаз тасығыштағы өтініштің көшірмесінде күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетіле отырып, тіркелгені туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрінеді.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) құжаттарды қабылдаған күні ұсынылған құжаттардың толықтығын және/немесе өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын тексереді және өтінім беруші толық емес құжаттарды, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, электрондық нысанда тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жолдайды.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынған кезде тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысы құжаттарды қабылдаған күні тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысын (бұдан әрі – инженер-инспектор) анықтайды.

регистрации залога тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов
Дата публикации
30 марта 2015