Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн
шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар
тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары
арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.10.2018 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсiптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрi – машиналар) мемлекеттік тіркеудің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар – ең жоғары конструкциялық жылдамдығы сағатына елу және елу километрден аспайтын квадроциклдер және қаршаналар;

      2) иеленушi – өзіне тиесілі меншік құқығы негізінде немесе заңнамада белгіленген өзге де негіздерге орай, ағымдағы уақыт кезеңінде машинаны іс жүзінде иеленуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      3) машиналарды қайта тiркеу – тиiстi құқықтық негiздер болған кезде машинаның тiркеу деректеріне және тіркеу құжатына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;

      4) машиналарды мемлекеттiк тiркеу – тіркеу пункттерінің машиналарды тiркеу, машиналардың жол қозғалысына қатысуға жіберілгенін растайтын мемлекеттiк тіркеу нөмiрлiк белгiлерін және тiркеу құжаттарын беру жөніндегі қызметі (бұдан әрі – машиналарды тіркеу);

      5) машиналарды тіркеу кітабы – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес машина, меншік иесі, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (бұдан әрі – нөмірлік белгі), қайта тіркеуге, машиналарды тіркеуден шығару туралы мәліметтерді қамтитын құжат;

      6) меншік иесі – заңнамаға сәйкес өзіне тиесілі машинаны өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және билік етуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;

      7) нөмiрлiк агрегат – зауыттық тiркеу нөмiрi бар машинаның негiзгi құраушы торабы (шасси, рама);

      8) сәйкестік сертификаты – өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттардың ережелерінде немесе өзге құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

      9) тiркеу құжаты – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес машинаның жол қозғалысына қатысуға және пайдалануға жіберілгенін растайтын, машинаға арналған ресми құжат болып табылатын техникалық паспорт.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін тіркеу пункттері ретінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) түсініледі.

      Тіркеу пункттері машиналарды тіркеуді, уақытша тіркеуді, қайта тіркеуге, тіркеу есебінен шығаруды, сондай-ақ осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

      Машиналарды тіркеу, уақытша тіркеуі, қайта тіркеу, тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтер бір уақытта машиналарды тіркеу кітабына және өтініш берушіге тіркеу құжаттарын бергенге дейін "Агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған "Е-Agriculture" жүйесі" ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

      4. Меншiк иелерi немесе өзге де тұлғалар машиналар өздерінің меншiгіне (иелігіне) түскен, өздерінің меншiгiнен (иелiгінен) шығарылған немесе машиналарды тiркеу, тіркеуге (қайта тiркеуге) өзгеріс енгiзу немесе тіркеу есебінен шығару қажеттілігіне әкеп соқтыратын міндеттемелер туындаған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде машиналарды тiркеу (қайта тiркеу) немесе тіркеуден шығару үшiн осы Қағидаларда белгіленген iс-әрекеттердi жасайды.

      5. Тiркеу ісін жүргiзу тіркеу пункттері беретін тіркеу құжаттарын ресiмдеу мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жүргiзiледi.

      6. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген, басқа тiлде жазылған құжаттар тiркеу әрекеттерiн жүргiзу үшiн мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiне аударылған және бiр тiлден екiншi тiлге аударманың дұрыстығын нотариустың не аударманың дұрыстығын куәландыру жөніндегі іс-әрекеттер жасауға құқығы бар басқа лауазымды тұлғаның қолымен расталған күйінде ұсынылады.

      7. Тiркеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге өшіріп тазаланған немесе үстінен жазылған, сызылған сөздерi немесе өзге де келісілмеген түзетулерi бар, сондай-ақ, қарындашпен жазылған осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданбайды. Көрсетілген құжаттардың мәтiнi анық және нақты жазылады. Азаматтардың тегi, аты, әкесiнiң аты олардың тұрғылықты жерiн көрсете отырып, толық ұсынылады, ал заңды тұлғалардың атаулары қысқартылмай және мекенжайларын нақты көрсете отырып ұсынылады, ал олардың мөр және мөртабан бедерлері оқылатындай болуы тиiс.

      8. Тіркеуге (қайта тіркеуге) ұсынылған машиналардың құжаттары:

регистрации тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов
Дата публикации
30 марта 2015