Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидалары

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер
мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және
жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру
қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.10.2018 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әзірленді және тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі – машиналар) жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер берудің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) емтихан материалдары – емтихан билеттері және (немесе) емтихан тестілері;

      2) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;

      3) жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар – ең жоғары конструкциялық жылдамдығы сағатына елу және елу километрден аспайтын квадроциклдер және қаршаналар;

      4) қатаң есептегі бланкілер келіп түсуін және жұмсалуын есепке алу кітабы – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік бланкілерінің келіп түсуін және жұмсалуын есепке алуды қамтитын құжат;

      5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналарды жүргізуге тракторист-машинистерді жіберуді растайтын ресми құжат болып табылатын тракторист-машинистің куәлігі;

      6) өтініш беруші – осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен емтихан тапсыру және куәлік алу үшін жүгінген тұлға.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін емтихан пунктері ретінде жергілікті атқарушы органдар түсініледі.

      4. Емтихан пунктері теориялық емтиханды қабылдауды, куәлік беруді және айырбастауды, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

      5. Барлық машиналар түрлеріне, белгіленуіне және оларды жүргізу ерекшеліктеріне байланысты "А", "Б", "В", "Г", "Д" санаттарына бөлінеді, оларды жүргізу құқығына тиісті бағандарында рұқсат белгілері қойылған бірыңғай куәлік беріледі

      6. Куәлік Қазақстан Республикасының барлық аумағында машиналарды жүргізу құқығын береді.

      7. "А", "Б", "В", "Г", "Д" бағандарында рұқсат белгілері қойылған куәлігі бар тұлғалар мыналарды:

Приема экзаменов и выдачи удостоверений на право управления тракторами
Дата публикации
30 марта 2015