«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Лауазым атауы:
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Заречный ауылындағы №12 орта мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры.
Жұмыс орнының орналасқан жері:
Қапшағай қаласы, Заречный ауылы, Дзержинский көшесі, 3 үй
мекенжайында орналасқан «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Заречный ауылындағы №12 орта мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Лауазымдық міндеттер:
Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;
Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;
Бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» санатының болуы;